• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Алматы облысы: Үйінде қасқыр ұстап, жануарды қорлаған тұрғын жазалана ма?

520 рет
көрсетілді

Алматы облысында терісін алу мақсатында үйінде қасқыр ұстап, дала тағысын қатігездікпен өлтіріп жүрген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Жабайы аңға қол салып жүргендерді алғаш болып зоо-еріктілер байқаған.

«Алматы облысындағы жекеменшік үйде терісін алу мақсатында қасқырлар өлтіріледі, олардан кілемшелер жасалып, Интернетте сатылады», деді зоо-еріктілер.

Инстаграмдағы @zoohome_almaty парақшасында Алматы облысындағы жекеменшік үйде түсірілген кадрлар пайда болды. Олардан қорыққан қасқырдың лас қоршаудың бұрышына тығылып қалғаны көрсетілген. Онымен қоса жануардың өте арықтап кеткенін де байқауға болады.

Тағы бір видеода еріктілер өлтірілген жануарлардың терілері шашылып жатқан бөлмені көрсеткен. Сондай-ақ, қасқырдың терілері үйдің қасбетінде ілулі тұр. 

Еріктілер іс мұнымен бітпегеніне ренжулі. Үй алдында дала түлкілеріне ұқсас терісі алынған жануарлар қап-қабымен тұрғаны да байқалады. Еріктілер өз қаражатына  тірі жануарларды сатып алғанымен,ғ оны апаратын жер таппай отыр. Өйткені, зоопарктер қайдан келгені белгісіз жануарларды қабылдаудан бас тартыпы отыр. 

Ал жергілікті құзырлы органдар әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Аида ОРАЛБЕК