• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қаңтар, 2021

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді

153 рет
көрсетілді

Олимпиада чемпионы қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Olympic.kz IWF баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің («WADA») өткен күзде жарияланған IWF-ке жүргізілген тергеу туралы есебінің жалғасы ретінде Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ITA) WADA іс материалдарын («Жебе операциясы») алды және оны қарап шыққаннан кейін үлгі алмасуға байланысты екі спортшының допингке қарсы ережені бұзғанын осы кезеңде жариялауға шешім қабылдады.

Думитру Каптари (Румыния) мен Нижат Рахимовқа (Қазақстан) 2016 жылдың ішінде «Несеп анализін ауыстырған» (IWF допингке қарсы ережесінің 2.2-бабы) бойынша допингке қарсы ережені бұзғаны үшін айып тағылып отырғандығы туралы хабарланды. Тиісті мәселелер шешілгенше спортшылар жарыстарға қатысудан уақытша шеттетіледі», делінгенФедерация мәлімдемесінде.

Еске салайық, Ұлттық Олимпиадалық комитеті допингті қолдануда нөлдік төзімділіктің қатаң саясатын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларын толық қолдайтындығын білдіреді.