• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қаңтар, 2021

Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді

1117 рет
көрсетілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ю.Тлеумұратовтың жеке табыс салығын есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу кезінде салық қызметкерлерінің жіберген қателері туралы сөйлеген сөзіне қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме берді.

Азаматтық-құқықтық сипат­тағы шарттар жасасқан жеке тұлғалар және жұмыскерлер үшін МЗЖ және МӘМС жарналары бойынша шегерімдерді қолдану жөніндегі күшіне енген нормалар қате болып табылмайды. Аталған нормалар 2018 жылдан (МЗЖ бойынша) және 2020 жылдан (МӘМС жарналары бойынша) ретроспективті түрде қолданысқа енеді.

Бұл норма қазіргі уақытта елі­­міз­дегі қандай да бір қоғам­дық бір­лестіктер, қауым­дас­тық­тар мүд­­делерін білдірмейтін жеке тұл­­ға­лар­дың құқықтарын қор­ғау мақ­сатында енгізілген. Бұ­дан басқа ком­па­ния­лардың едәуір бөлігі өз қызмет­кер­лерін аза­­­­­маттық-құқықтық сипаттағы шарт­­­­тарға ауыстырды. Бұл әре­кет­­­тері азаматтардың әлеуметтік қор­­­ғал­мауы мен ертеңгі күніне се­нім­­­сіздігін тудырады. Одан бас­қа жұ­мыс берушілер тарапынан осын­­дай қызметкерлер бойын­ша ең­бек­ақы төлеу қорынан әлеу­ме­т­тік са­лықты (9,5%) төле­меу үшін, са­лық міндет­те­ме­лерін оң­тай­­лан­­дыр­­ғанын атап айтқан жөн.

Өз уақытында жеке табыс салы­ғы салынатын табыстан МЗЖ және МӘМС жарналары алынып тасталмаған. Осыған байланысты жеке тұлғалар табыстарының шамамен 11%-ына (МЗЖ-ның 10%-ына және МӘМС-тің 1%-ына) жеке табыс салығы салынды. Яғни мысалы, табысы 100,0 мың теңге болған жағдайда ЖТС 8,9 мың теңгенің орнына 10,0 мың теңгені құрады ((100,0 – 10,0 – 1,0)*10%). Осы себепті Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Өз кезегінде салық төлеуші (са­лық агенті) қосымша салық есеп­­тіл­ігін толтыра отырып, талап қою мерзімі ішінде салық есеп­­тілігіне өз еркімен өзгеріс­тер мен толықтырулар енгі­зуге құ­қы­лы. Бұл ретте салық төлеуші­нің өті­­ніші бойынша жеке табыс са­­лы­ғынан қалыптасқан ар­тық төленген салық бюджеттен қайтарылады.