• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Видео 20 Қаңтар, 2021

Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті

190 рет
көрсетілді

14 қаңтарда Үржар аудандық полиция бөліміне Таскескен – Бақты республикалық тасжолында көмір әкетіп бара жатқан жүк көліктердің тұрып қалғаны туралы қоңырау түскен.

Тасбұлақ ауылына көмір апара жатып қалың қар мен боранның салдарынан көліктері ​ қарға батқанын жүргізушілердің бірі хабарлап айтқан. Қарды өздері тазаламақ болғанымен, нәтиже шықпаған. 

Жолда қалған азаматтарға көмек көрсету үшін аудандық ПБ қызметкерлері Нұрбол Баженов, Талант Нұрғожанов және Айдар Саматеев тұрғындармен бірлесіп, көліктерді және жолды қардан тазартуға ат салысқан. Үш күн жүріп, қар құрсауындағы көліктерді шығарысқан. Қиын жағдайда көмектескен полиция қызметкерлеріне жүргізушілер алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы 

Үржар ауданы