2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, сондай-ақ көше-жол желілерін жөндеуге барлық көзден 40,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ANTIKOR LIVE жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирде Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.
Оның айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,8 млрд теңге, оның ішінде 50/50 паритеттік қаржыландыру шеңберінде 7,3 млрд теңге және күтіп ұстауға – 4,5 млрд теңге (облыстық маңызы бар жолдар – 4 млрд теңге, аудандық маңызы бар жолдар – 0,5 млрд теңге), көше-жол желісін жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,1 млрд теңге, «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы шеңберінде көшелерді жөндеуге – 1,7 млрд теңге, жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жолдар мен көшелерді жөндеуге 16,1 млрд теңге бөлінген.
«50/50 паритеттік қаржыландыру аясында жалпы пайдаланудағы 283 шақырым жол, оның ішінде 160 шақырым облыстық маңызы бар, 123 шақырым аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеумен қамтылды. Көшелерді жөндеумен 45,2 шақырым қамтылды. 11,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Өскемен қаласының Есенберлин даңғылы бойынша 4,6 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу – 4,7 млрд. теңге; 3,4 млрд теңгеге 7,6 шақырым көшені қайта жаңарту: 1,2 млрд теңгеге Өскемен қаласының Лопатино аралының ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден басталатын жол (2,6 шақырым); 2 млрд теңгеге Меновной ауылынан Ахмер ауылына дейінгі Өскемен – Семей жолы (2,5 шақырым); 300 млн теңгеге Семей қаласындағы Жангелдин көшесі (2,5 шақырым), Өскемен және Семей қалаларында, Аягөз, Зайсан, Шемонаиха аудандарында 3 млрд теңгеге 33 шақырым көшелерді орташа жөндеу қаралған.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарының елді мекендерінде 1,7 млрд теңгеге (РБ-1,5 млрд теңге, ЖБ – 169 млн теңге) 90 шақырым көше жол желісі жөнделді. Жұмыспен қамту жол картасы аясында жалпы сомасы 16,1 млрд теңгеге 247 шақырым жол мен көше жөндеумен қамтылды, оның ішінде жол-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 85%-ға дейін жеткізілді», деді Нұржан Жұмаділов.
Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобалардың барлығы «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамдық бақылауда болатынын атап өтті.