• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2021

Мұрат Әйтенов: Тұрғындар қауіпсіздігі – жауапты іс

197 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен Әл-Фараби ауданы әкімінің 2020 жылда атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесуде тұрғындар өз сауалдарын тікелей эфир кезінде онлайн әлеуметтік желілер мен байланыс телефондары арқылы жолдады. Жалпы тұрғындар мен БАҚ өкілдері тарапынан 30-ға жуық сұрақ қойылды. Басым бөлігі инфрақұрылым, заңсыз құрылыс, ирригация мәселелері болды.

Келіп түскен сұрақтарға аудан әкімімен қатар қала әкімі Мұрат Әйтенов те түсіндірме жауаптар беріп, қала көлеміндегі басты мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Солардың бірі – заңсыз құрылыс нысандары. Мұрат Әйтенов қалада заңсыз құрылысқа жол берілмейтіндігін баса айтты. 

– Заңсыз құрылыс менің жіті бақылауымда тұрған мәселелердің бірі. Әсіресе тұрғын үйлердің жанынан салынған заңсыз нысандар тұрғындар қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Кейбірі тіпті коммуналдық жүйенің бұзылуына алып келуде.  Тұрғындар қауіпсіздігі – жауапты іс. Барлығы заң шеңберінде орындалуы тиіс. Мәселен, Нұрсат аллеясындағы, Шымсити, 8 мектеп маңындағы заңсыз құрылыстар тоқтатылып, айыппұл салынды. Осындай заңсыздықтарға жол бермеу үшін жеке кәсіпкерлерге үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаладағы барлық құрылыс Бас жоспарға сәйкес жүргізілетінін ұмытпау қажет, – деді шаһар басшысы. 

Заңсыз қойылған сауда орындары да қоғамдық кеңістікті жауып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіретінін айтты. Мердігерлерге құрылыс мәдениетін түсіндіру бағытында өткен жылы атқарылған жұмыстарға да тоқталды.