• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2021

Шымкенттің коммуналдық саласына реформа жасалды

188 рет
көрсетілді

Шымкентте абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмысын аудан әкімдіктері атқаратын болды. Биыл әр ауданда 50 елді мекенді абаттандыру жұмысы жоспарланып отыр. Осы бағытта алдағы үш жылда барлық шаһар бойынша абаттандыру жұмысы 100 пайызға орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұловтың халық алдында берген жылдық есебінде баяндады. Есептік жиын карантиндік шектеулерге байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.

Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Жыл қорытындысын тыңдаған тұрғындар сұрақтарын «Фейсбук», «Инстаграмм» желісі арқылы жолдады. Келіп түскен сауалдардың дені газ, су, жол мәселелері мен абаттандыру жұмысы төңірегінде.

Тұрғындардан келген сұраққа қала әкімі де бірлесе жауап қатып отырды. Жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы өткен жылы ауданды аралап, негізгі мәселесімен толық танысқанын жеткізді.

– Қаладағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін аудандардың 5 жылдық даму жоспарын әзірледік. Әл-Фараби ауданына 2021 жылы 22,3 млрд қаржы қаралып отыр. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Біз қаладағы шаруашылық саласына реформа жасадық. Ағымдағы жылдан бастап орталық көшелерді абаттандыру жұмысы аудан әкімдіктеріне бекітілді. Енді энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы қаланың тек инфрақұрылымына жауапты, – деді қала әкімі.

Осы орайда, ауданның көгалдандыру жұмысына 982,5 млн теңге бөлінсе, санитарлық тазалығына 1,5 млрд теңге қаралған. Инфрақұрылымдық дамуы негізінде Самал-1, Наурыз шағын аудандарының кәріз жүйесінің құрылысына 107 млн теңге, Бадам шағын ауданын газбен қамтуға 48,млн теңге бөлініп отыр.