• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Ақпан, 2021

Сынақтан сәтті өткен жоба

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай, бірқатар маңызды және нәтижелі жұмыс атқарылды. Мен Ұлттық комиссияның және әліпбиді жетілдіру жұмыстарымен шұғылданатын Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде осындай шараларға тікелей қатыстым. Ғалымдардың орасан зор жұмыс атқарғанына куә болдым.

Орфографиялық жұмыс тобының осы уақытқа дейін 11 отырысы болды. Бұл отырыс­тарда қазақ тілінің дыбыстық жүйесін таңбалайтын әрбір әріп талқыланды. Ғалымдар ды­быс­тарымызды таңбалауда тек ғана ғылыми принциптерге сүйенгенін айқын аңғар­дым. Сонымен бірге Тіл сая­саты комитеті мен Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының ұйым­дас­тыруымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары жә­не барлық облыста 5 апро­ба­ция және 2 республикалық ашық талқылау өткізілді. Оған 3 мыңнан астам маман қатыс­ты. Оның бер жағында жоғары оқу орындарының 50-ден ас­там тіл­дік кафедрасында ғы­лыми жә­не әдістемелік тал­­қы­лаулар өт­кі­зілді. Осы ап­ро­бациялардың, ашық тал­қы­лаулардың және сарап­­шылардың ғылыми қоры­тын­дылары Орфографиялық жұ­мыс тобына таныстырылды. Жұ­мыс тобының ғалымдары сол қорытындыларда айтылған ұсы­ныстар мен ескертпелер бойынша ғылыми сараптама жүргізді. Қажеттілері назарға алынды. 

Әлемге кең таралған латын әліпбиі ең бастапқыда роман тілдерінің әліпбиі болатын. Оны бірте-бірте герман, славян, түркі тілдері және тағы да басқа көптеген тілдер пайдалана бастады. Бұл тілдер әртүрлі. Соған орай, олар базалық латын әліпбиіндегі 26 таңбаны ғана пайдалана алмайды. Осы арада әр тілдің фонетикалық ерек­шелігін толық көрсету үшін диакритикалық белгілер қол­данылады. Мұндай белгілер негізі 1886 жылы қаланған «Халықаралық фонетикалық әліпби» қорында бар. Қосымша таңбалар осы әлемге ортақ халықаралық қордан алынады. Немістер де, чехтар да, шведтер де, өзіміздің ағайындар түріктер мен әзербайжандар да, тағы басқалар да осылай жасаған. Әліпбиді жетілдіруде қазақ ғалымдары да осы бағыт­пен жүрді. Соған орай, әр ды­быстың фонетикалық мәнін көр­сететін диакритикалық таң­балар алынды. Біздің ғалым­дарымыз да осындай халық­аралық тәжірибелерге сүйенді. Сол мақсатта 2 халықаралық семи­нар өткізілді. Әрбір таң­ба­ның ЮНИКОД жүйесіне сәйкес­тігі дәйектелді. Соның нәти­же­сінде қазақ тілінің ды­быс­­тық жүйесіне де, халық­ара­лық талаптарға да толық сәйкес келетін әліпби жобасы дайындалды деуге болады.

2017 жылдан, яғни қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы шешім қабылданғалы әртүрлі саланың азаматтары өздерінің әліпби нұсқа­ларын ұсына бастағанын біл­еміз. Олардың басым көп­ші­лігі бұқаралық ақ­парат құрал­дарында, әлеу­меттік желілерде жарияланды. Ұсынушылардың әрқайсысы өз нұсқасын «ең дұрыс нұсқа осы» деп насихаттаумен болғаны да белгілі. Бірақ әр нәрсенің, құбылыстың, саланың маманы болады емес пе?! Әлбетте, тілдік реформа­ны, оның ішін­де әліпби рефор­масын қол­да­ған дұрыс. Бірақ әліпби нұс­­қасын филолог ғалымдар, тіл­ші­лер жасауы керек. Ол сонда ғана нәтиже береді. Сөз ер­кін­дігі, ашық қоғам екен деп араласпайтын жерге араласа берудің жөні де, реті де жоқ.

Әліпби нұсқасымен бір­ге, оның емле ережелері де са­рап­талды. Емле ережелерін Ахмет Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі институты ға­лымдары дайындаған. Әліпби сияқ­ты емле ережелері де Ор­фо­­графиялық жұмыс тобында да және Әдістемелік, Тер­ми­нологиялық, Техникалық сүйемелдеу жұмыс топтарында да және барлық өңірде жан-жақты талқыланды. Қызу өткен осы талқылауларда ғалым­дар мен әдіскерлер емле ере­же­лер­дің әрбір тарауын, әр­бір ба­бын електен өткізді. Ме­нің ойым­ша, тіліміздің жазу мә­де­ние­тін реттейтін ғылыми және қол­данбалы сипаттағы қа­зақ тілі­нің жетілдірілген емле ере­же­лерінің редакциясы пайда болды.

Ғылыми сарапталған, еліміз­дегі барлық тілші маман­дарға таныстырылған, сынақтан да, сынамадан да өткізілген әліп­би жобасы ұсынылып отыр. Бұл жобаның қалай дүние­ге кел­гені, қаншама рет талдан­ға­ны, ғалымдарымыздың қызу пі­кі­р­таластары менің көз ал­дымда. Сондықтан бұл жоба ғылыми талқылауларда жетіл­ді­рілген, ұшталған, нақтыланған жоба деп білемін.

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Парламент Сенатының депутаты