• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Ақпан, 2021

ЕАЭО ішкі нарыққа зиян тигізбеуі керек

275 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕАЭО елдерінің өзара саудасындағы кедергілерді жою мәселелерін талқылады. Металл сынықтары нарығын реттеуге ерекше назар аударылды. Талқылау Басқарманың шешімдері төңірегінде өрбіді, онда Қазақстан мен Беларуссиядағы сынықтардың экспортын реттеу кедергілер деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Қазақстанда сынықтарды экспорттау кезінде көлік құралдарын пайдалануға шектеу қойылды. Бұл шара металл сынықтарының көлеңкелі айналымына қарсы кешенді күрестің бөлігі болып табылады және Шартқа мүлдем қайшы келмейді. Жыл сайын сынықтардың көлеңкелі айналымы мемлекеттік бюджеттің 3,5 миллиард теңгеден астам шығынына әкеп соқтырады, – деді Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Ол ЕЭК-тің Қазақстаннан автомобильдермен сынықтарды әкетуге тыйым салуын тосқауыл ретінде тану туралы шешіміне вето қойғанын түсіндірді. Бүгінгі күні ЕАЭО-ның барлық елдерінде қара металл сынықтары мен қалдықтарының экспортын шектеу бойынша түрлі шаралар қолданылады. Мысалы, Беларуссияда сынықтарды экспорттау үшін үкіметтен арнайы рұқсат алу қажет. Армения мен Қырғызстан металл сынықтарын экспорттауға алты айлық тыйым салды. Қазақстандық тарап ЕАЭО-да сынық айналымына ішкі нарықты қанағаттандыру экспорт ағындарын елдердегі қайта өңдеу кәсіпорындарының қажеттіліктеріне бағыттау арқылы жүзеге асырылуы керек деп санайды.

–Егер ішкі нарықта тапшылық болса, онда біздің елдер нарықты бірлесіп теңгере алады. Бірақ егер жекелеген елдер өз кәсіпорындарын жүктеу үшін қалдықтардың тапшылығы болған жағдайда оны үшінші елдерге белсенді түрде экспорттауды жалғастыра берсе, онда ЕАЭО серіктестерінен өз салаларына зиян келтіріп, сынықтарды сөзсіз жеткізуді талап етуге негіз жоқ. –  деді Бақыт Сұлтанов.

Ол ҚР, РА, КР, РБ сынықтарын көбіне Ресей Федерациясының кәсіпорындары тұтынады деп қосты. Ресейлік сынықтар алыс шетелдерге «кетеді». Қазіргі уақытта Мәскеу өз сынықтарын үшінші елдерге экспорттауға тосқауылдар қоя бастады: 31 қаңтардан бастап сынықтардың экспортына 180 күндік экспорттық кедендік баж енгізілді, бұл саланың экспорттық тартымдылығын төмендетуі керек. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар ішкі шикізат баланстары бойынша қосымша консультациялар өткізуге келісті.

Тағы бір маңызды мәселе ЕАЭО елдерінің сауда шараларына «вето қою» тақырыбы болды.

– Қазақстан ветоны қолдануды мемлекеттің сөзсіз егемен құқығы ретінде қарастырады. Бұл Басқармаға біздің экономикалық мүдделерімізге қайшы келетін шешімдер қабылдауға жол бермейді. Бірақ сонымен бірге сауда шараларына «вето» қоюдың нақты ережелері болуы керек, өйткені мұндай шараларды қолдану ДСҰ-ның халықаралық құқығымен нақты реттеледі», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Келіссөздер нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда шаралары туралы шешімдеріне елдердің «ветосын» қолдануы туралы Ереже жобасының барлық дерлік тармақтары бойынша ымыраға келу аяқталды.