• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 06 Ақпан, 2021

Данияр Елеусінов сәуірде жекпе-жек өткізбек

184 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (10-0, 6 КО) промоутері Эдди Хирн клиентінің қашан рингке оралатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Данияр осыған дейінгі жекпе-жегінде Индонгомен жақсы айқасып, жеңіске жетті. Ол үлкен жекпе-жектерге дайын. Бұл жігіт 147 фунтта шығып жүрген кез келген боксшы үшін үлкен мәселе туындата алады. Қазірдің өзінде үлкен қадамдар жасап жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ол сәуірде рингке оралады», - деді Хирн.

Әзірге Елеусіновтың қарсыласы белгісіз.

Еске сала кетсек, қарашада Данияр екінші раундта намибиялық боксшы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.