• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Ақпан, 2021

Баладан батырға дейінгі жол

296 рет
көрсетілді

«Қазақфильм» киностудиясы көрермендерге «Таутай-Лақ» атты қысқа метрлі фильмін көрсетуге дайындалуда. Режиссер Райымбек Әлжановтың киножобасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы атанған.

Орта ғасырдағы жаугер­шілік күндердің бірінен бастау алатын оқиғада Мерген есімді балаға батыр әкесінің жанында жоқтығын білдіртпей, ерте есейіп, туған ауылы тастап кеткен өз отбасын қорғауына тура келеді. Ал Мергеннің бақсы әжесі оған өз күшін табыс­тайды, бірақ қазақ жауынгер-хабаршының ханға әкелген ақпараты отбасына қауіп төндіреді. Режиссер Райым­бек Әлжанов ұлттық фоль­клор мен қызықты визуалды шешімдер картинаның сценарийінің негізінде жатқан терең мағынаны керемет толық­тырады деп біледі.

«Шындығында, тарихи де­корациялар – жай ғана декорациялар. Мен оны қол­дан­басам да болатын еді. Бі­рақ оқиғаның барлық мүм­кін­дігін осылай ашамын деген шешімге келдім. Қазақ фоль­клорын енгізгім келді. Маған біздің ертегілер, тари­хы­мыз өте ұнайды. Тәжі­рибе жасап көргім келді. Ре­жис­сер ретінде, өзімді іздеу үс­тін­демін, өз жанрымды, өз кө­рерменімді, өзіндік жет­кі­зу тәсілімді тапқым келе­ді. Сце­нарийді де осыған қарай­лап отырып жаздым. Ал бұл жү­рек­тің түбінен шыққан ме­нің оқиғам», дейді режиссер.

«Таутай-Лақ» авторла­ры­ның айтуынша, Ұлт­тық киноны қолдау мем­ле­кеттік орталығымен ын­ты­мақ­тастық орнатудың көр­некілік тұр­ғысынан ықпалы зор болған. Атап айтқанда, Кино ор­та­лығына келесі питчингтерде дебюттік картиналар үшін кейбір ережелерді өзгертуге қатысты ұсыныс бар.

«Әсіресе дебютанттарға жеке назар аударғандарын қалар едім, атап айтқанда, тарихи жанрда немесе ғы­лыми фантастика жанрында түсіретін дебютанттарға. Көптеген сәт егжей-тег­жейлі зерттеуді қажет етеді, бірақ импровизацияға аз уа­қыт бол­ған кезде, оны іске асы­ру қиын», дейді Райымбек Әлжанов.