31 Желтоқсан, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

186 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Пу­тинге Волгоград қаласындағы террорлық әре­кеттерге байланысты көңіл айту жеделхатын жол­дады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық әрекеттер салдарынан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген.

Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғы­лары­на ортақтығын білдірген қолдау сөзін және барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұраған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша әлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен.