• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2021

10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

256 рет
көрсетілді

Қазақстанда 10 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 наурызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды қаласында күндіз 8 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда ертең жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

8 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылордақаласында бұл күні түнде және таңертең көктайғақ болады.

Күндіз 8 наурызда Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында ертең батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-18 м/с. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Оралқаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 8 наурызда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

8 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде ертең күндіз желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 8 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы өңірдің кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күңдіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с болуы мүмкін. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с .

8 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, түнде көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайқаласында түнде 8 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с шамасында.

8 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ боуы ықтимал. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 8 наурызда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.