• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Наурыз, 2021

Германияның кейбір аймақтарында спорт залдары ашылды

163 рет
көрсетілді

Биліктің айтуынша, елдегі COVID-19 жағдайы "тұрақтанған" - 100 мың тұрғынға шаққанда инфекцияның шамамен 50 жағдайы келеді. Коронавирустан болатын өлім-жітім деңгейі де төмендеген, реанимация бөлімшелеріндегі пациенттер саны азайып келеді.

Вакцинацияның баяу басталғаны үшін шетелдік және жергілікті БАҚ-тың сынына ұшыраған Франция билігі екпе егу қарқынын күрт жеделдетті. Бүгінгі таңда елде жүздеген екпе егу орталықтары жұмыс істейді, олар тіпті сенбі күндері де жұмыс істейтін көрінеді. Төрт ірі әскери аурухана да осындай пункттерге айналған екен.⠀Италия Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асқан алғашқы ел болды. Бүкіл ел бойынша он теміржол станциясында вакцинация пункттері ашылған. Індетті жұқтырғандардың санының өсуіне байланысты екі аумақ қызғылт сары аймаққа, біреуі қызыл аймаққа орналастырылған.⠀Ұлыбританияда дүйсенбіден бастап көптеген мектеп оқушылары партаға оралады. Ел билігі бұл қадамды қатаң карантиндік шараларды жеңілдетудің алғашқы қадамы ретінде ұсынады. Наурыз айының соңында шағын топтардың кездесуіне рұқсат етіледі, сәуір айының ортасында азық-түлік емес дүкендер мен ойын-сауық мекемелері жұмысын қайта бастайды, мамыр айының ортасынан бастап қонақүйлер ашылады, ал 21 маусымда мемлекет бұрынғы өміріне оралады деп жоспарланған.