Бір тәулік ішінде Павлодар облысында ТМД елдерінің бес азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Өңірде мемлекеттік шекараның төрт автокөлік өткізу пункттерінде азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді.⠀Соңғы тәулікте шекарадан 234 адам өткен, оның ішінде 81 - жаяу жүргінші және 153 жүк көлігінің жүргізушісі. Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Автокөлік өткізу пункттерінде өткен тәулік ішінде covid-19 расталған жағдайлары тіркелген жоқ.⠀Сонымен қатар, ТМД-ның бес азаматында: теріс нәтижелі ПТР анықтамалары болмауына байланысты үш Ресей азаматына және Қырғызстан Республикасының екі азаматына ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды.⠀Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 71 715 адам келді, оның ішінде 45 922 халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер және 25 793 жолаушы келген. 21 053 ПТР-тексеру жүргізілді, симптомсыз коронавирустық инфекцияның 142 енгізілген жағдайы анықталған.