• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2021

Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус табылды

122 рет
көрсетілді

9 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

3 279 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 005 адам, анықтамасыз 274 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз - 10. Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген;Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 282 жолаушы анықтамамен келген;Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.