Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихатында журналистерге антисептик шашты, деп хабарлайды Egemen.kz Head Topics басылымына сілтеме жасап.
Шенеуніктің бұл әрекетіне министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіс туралы сұрақ қойған тілші себеп болғаны хабарланды. Жергілікті тілшілердің бірі жаңадан тағайындалған шенеуніктердің атын атауды сұраған.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, Таиланд премьер-министрі осындай оғаш әрекеттерімен танымал. Ол бұған дейін де журналистерге жауап беру кезінде тілшілердің бірінің құлағын ұстап, операторларға банан қабығын лақтырған. Чан-Оча 2014 жылы әскери төңкерісті басқарды, ал 2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін үкімет басшысы болып тағайындалды.