• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2021

Алматыда Sulpak дүкені алдындағы ағаштардың оталуына қатысты іс сотқа берілді

189 рет
көрсетілді

Алматыда Sulpak дүкені алдындағы ағаштардың оталуына қатысты іс сотқа берілді. Басты сот талқылауы 19 наурызда Алмалы аудандық сотында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ҚК 339-бабы сирек кездесетін, жойылу алдында тұрған өсімдік түрлерін, жануарларды, олардың дериваттары мен мен бөлшектерін заңсыз пайдалану әрекеттерін қарастырады.

«Жанна Нұртаеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлімімен қозғалған қылмыстық іс өндіріске қабылданды», делінген сот қаулысында.

Басты сот талқылауы 19 наурызда Алмалы аудандық сотында өтеді. Сот процесі ашық түрде өтеді. Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы сол күйінде қалады.

Еске сала кетейік, 23 қарашада Алматыдағы Sulpak сауда үйінің алдындағы қарағаштар заңсыз оталған болатын. Бұл оқиға көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айыптыларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырған болатын.