• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

Қазсушар филиалдарының вегетациялық кезеңге дайындығы қалай болып жатыр?

341 рет
көрсетілді

Соңғы 3 жылда Қазақстанның су айналымы аз боп тұр. 2019 жылғы мәліметтер бойынша өзен ағыны 83 км3 құрады. Бұл орташа ұзақ мерзімді көрсеткіштен 20%-ға аз. Осыған байланысты, өткен жылы вегетациялық маусым қиын жағдайда өтті, бірақ уақытылы қабылданған шаралардың арқасында фермерлерге суармалы су жеткілікті болды.

Алматы филиалы

2021 жылға арналған су берудің алдын ала жоспары - 1147,03 млн.м3. 2020 жылы нақты су беру 1100,5 млн. м3 құрады.

Ағымдағы жөндеуге және су тасқынына қарсы іс-шараларға биыл 109 645,73 мың теңге бөлінді. Ұзындығы 32,4 км болатын механикалық тазалау жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша Панфилов ауданындағы Өсек өзеніндегі Қаратал және Көксу бөгеттері мен су торабын қайта жаңарту басталды. Нысандарды тапсыру вегетациялық кезең басталғанға дейін жоспарланып отыр.

«Апатты су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру» бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Алматы филиалы тұтынушылармен суармалы су беру жөніндегі қызметтерге 132 шарт жасасты, суару алаңында 1 712,1 га, су беру көлемімен - 14 437,654 мың м3.

Д. Қонаев атындағы «БАК» филиалы

Ағымдағы жылға су берудің алдын ала жоспары - 949,03 млн.м3. 2020 жылы нақты су беру 644,6 млн. м3 құрады.

Өңірдегі судың негізгі тұтынушысы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарының ауыл шаруашылығы су пайдаланушылары болып табылады.

Филиал ЖАО, «Қазгидромет» РМК және аудандық ирригациялармен бірлесіп 2021 жылғы вегетациялық кезеңді дайындау және өткізу бойынша шешімдер қабылдау мақсатында бассейндік кеңес өткізді.

Жамбыл филиалы

Осы жылға су берудің алдын ала жоспары - 2130,19 млн.м3. 2020 жылы нақты су беру 1905,9 млн. м3 құрады.

Биылғы жылдың вегетациялық кезеңіне қарай филиал Ұзындығы 22 км 8 арнада механикалық тазалау жүргізуді жоспарлап отыр, 2021 жылға 7,8 млн.теңге бөлінеді.

Қызылорда филиалы

2021 жылға арналған су берудің алдын ала жоспары - 4599,22 млн.м3, 2020 жылы нақты су беру 4555,8 млн. м3 құрады.

Филиал вегетациялық кезеңге дейін күн сайын Сырдария өзенінің жоғарғы жағынан келетін су көлеміне мониторинг жүргізеді.

Биылғы жылы 45 гидротехникалық құрылысты жөндеу, 65,2 км магистральдық және шаруашылықаралық арналарды механикалық тазарту белгіленген.

Түркістан филиалы

2021 жылға арналған су берудің алдын ала жоспары - 2432,81 млн.м3, 2020 жылы нақты су беру 2130,1 млн. м3 құрады.

14 ауданда орналасқан өндірістік учаскелердің күшімен 314,6 мың га суармалы жерге суармалы су беру бойынша қызмет көрсету жоспарлануда.

2021 жылға арналған су тартудың жылдық лимиті 5 581,09 млн.м3 құрайды, оның ішінде вегетация аралық кезеңге - 395,346 млн. м3. Бүгінгі күні нақты су жинау-235,09 млн.м3 құрады.

Вегетациялық кезеңге дайындық үшін Жетісай және Мақтарал аудандарында 3,3 км каналдарды механикалық тазалау, 247,8 км каналдарда тазалау жұмыстарын жүргізу қажет .

Ақмола филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 161,53 млн.м3. 2020 жылы - 353,2 млн. м3.

«Нұра-Есіл» каналынан су тұтынушыларға суару ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ су тұтынушылардан өтінімдер жинау және каналдан су тұтынуға шарттар жасасу жүргізіледі. Қазіргі уақытта сәуір айының басында су тасқыны күтілуде.

Ақтөбе филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 107,6 млн.м3. 2021 жылы нақты су беру 65,3 млн. м3 құрады.

Филиал көктемгі су тасқыны аяқталғаннан кейін 2021 жылғы вегетациялық кезеңге дайындықты бастайды. Қазіргі уақытта филиал тасқын суларды жинау бойынша жұмыс жүргізуде. Болжам бойынша су тасқыны кезеңі сәуір айының соңына дейін созылады.

Су тасқынынан кейін жинақталған ресурстарға сүйене отырып, су берудің нақты кестесі әзірленетін болады.

Атырау филиалы

Бүгінгі таңда вегетациялық кезеңге дайындық мақсатында каналдар мен сорғы станцияларында, ЖЖМ-да, суару-суландыру жүйелерінде жүзу сорғыларында жөндеу жұмыстары басталды. Суармалы жерлерге су беру 20 сәуірден басталады.

Шығыс Қазақстан филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 122,23 млн.м3. 2020 жылы - 102,8 млн.м3.

2021 жылға су беруді жақсарту және су тасқыны кезеңінен кейін магистральдық арналардағы ысырапты азайту үшін ағымдағы жөндеу есебінен жанар-жағармай материалдарын сатып ала отырып, магистральдық арналарды филиал техникасымен механикалық тазарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Вегетациялық кезеңнің басталуы мамыр айының соңына жоспарланған.

Батыс Қазақстан филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 93,94 млн.м3. 2020 жылы - 88,7 млн. м3.

Үлкен және Кіші Өзен трансшекаралық өзендері мен Жәнібек суару-суландыру жүйесі Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын сумен жабдықтаудың басты және жалғыз көздері болып табылады.

Қолайлы санитарлық-экологиялық жағдайды қолдау үшін «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметтері арасындағы «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің» негізінде Батыс Қазақстан облысына су беру жүзеге асырылады.

Павлодар филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 156,77 млн.м3. 2020 жылы - 251,6 млн.м3.

Қазіргі уақытта баланста суармалы жер жоқ. МАЭС-2-мен де экологиялық су жіберуге шарттар дайындалуда.

Қарағанды филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 382,39 млн.м3. 2020 жылы - 370,1 млн. м3.

Қазіргі уақытта вегетациялық кезеңге дайындық үшін филиалдың Абай, Бұқар Жырау, Нұра аудандарының су пайдаланушыларынан 2021 жылғы суару маусымына алдын ала өтінімі бар.

Қ.Сәтпаев атындағы канал

Бүгінгі күні су тұтынушылармен 21 шарт жасалды, оның ішінде өнеркәсіп - 10, ауыл шаруашылығы тұтынушылары - 3, су арналары - 6, ГРЭС - 2. Сорғы станциялары мен каналдар тұтынушыларға су жіберуге дайын.

Қостанай филиалы

Филиал тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағынын реттеу бойынша қызмет көрсетеді. Су берудің алдын ала жоспары - 50 млн.м3. 2020 жылы - 49,6 млн. м3.

Солтүстік Қазақстан филиалы

Су берудің алдын ала жоспары - 39,81 млн.м3. 2020 жылы - 69,8 млн. м3. Филиалдың теңгерімінде магистралдық және тарату арналары жоқ және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша қызметтер берілмейді.

Тұтастай алғанда, су аздығын ескере отырып, бүгінгі таңда жұмыстың басты назары су ресурстарын ұтымды пайдалану болып отыр. Ол үшін Қазсушар суармалы алқаптарда әрбір текше метр суды тиімді бөлуге ықпал ететін ғарыш түсірілімін енгізуді жоспарлап отыр.