• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2021

Медсақтандыру қорының әр басшысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген

4859 рет
көрсетілді

Депутат Аманжан Жамалов Мәжілістің жалпы отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазір бюджеттен тыс қорлардың шығындары Парламент пен Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалып отыр. Мәселен, 2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары 5,8 млрд теңгеден асқан. Жалақы төлеуге 4,4 млрд теңге жұмсалған. Егер қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрқайсысына айына 434 мың теңгеден келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе жоғары. Егер ӘМСҚ-ның қолжетімді қаржылық есебін зерттейтін болсақ, қор басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге сомасында, яғни әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген», деді депутат.

Депутат Үкіметке депутаттық сауал жолдап, бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпарат барынша ашық болу үшін арнайы стандарттар бекітілу керектігін айтты. Сондай-ақ еңбекақы мен әкімшілік шығыстардың барлық баптары анық көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.