• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Шымкентте жүкті әйелдерді емханаға есепке алу үшін ақша талап еткен

236 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында жүкті әйелдерді есепке қою үшін емханада 1 мың теңге, перзентханада туу туралы куәлікті беру үшін 2 мың теңге ақша талап еткен. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Шымкент қаласы бойынша департамент жүкті әйелдерді есепке қою үшін емханада 1 мың теңгеден, перзентханада туу туралы куәлікті беру үшін 2 мың теңгеден, университетте емтиханнан баға алу үшін белгілі бір ставкалар белгіленген ақшалай қаражат алуды тоқтатты. Аталған мекемелерде Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде ұжымдық жиналыстар өткізілді», деді спикер.

Сондай-ақ биыл 15 ақпанда «1424 Call-орталығы» арқылы келіп түскен шағым бойынша Түркістан облысы аудандарының бірінде – бас маман, ауылдық округ әкімдігінің атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссиясының төрағасы жәрдемақыны кедергісіз алу үшін 7 000 теңге сомасында пара алу сәтінде әшкереленді.