• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Наурыз, 2021

Түркиядан келген бір жолаушыдан вирус анықталды

165 рет
көрсетілді

14 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

4 646 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 853 адам, анықтамасыз 793 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 783 жолаушы, анықтамамен - 2 365, анықтамасыз - 418; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 295 жолаушы, анықтамамен - 920; анықтамасыз - 375; Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 274 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 401 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.