Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың «Condor Petroleum» мұнай-газ компаниясының Басқарушы директоры Норман Сторммен кездесу өткізді.
Тараптар дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту, Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялар жөніндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. «Condor Petroleum» Қазақстанда сұйытылған табиғи газ өндіру зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі.
Компания Қазақстанның мұнай-газ саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы Жарқамыс кен орнында мұнай өндіру жобасы іске асырылуда. Бүгінде «Condor Petroleum» ел экономикасына 250 млн. астам АҚШ долларын инвестициялады.