• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Наурыз, 2021

170 автожол учаскесі салынды

167 рет
көрсетілді

Соңғы 15 жылда Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының ғалымдары еліміздің автожол саласы үшін 200-ге жуық жаңа технология мен инновациялық шешім әзірлеген. Аталған әзірлемелерді қолдана отырып, 170 автожол учаскесі салынды.

Инновациялық әзір­ле­мелерді енгізген соң инс­титут мамандары учас­келердің пайдалану жағдайын тұрақты түрде бақылап отырады. Осылайша, 2020 жылы ҚазжолҒЗИ 4 учаскені мониторингтен өткізген. Бұдан бөлек, былтыр «Құрты – Бурылбайтал», «Ақтөбе – Атырау» және «Омбы – Майқапшағай» автомобиль жолдарының учас­ке­леріндегі жол жабындылары мен жер асты қабаттарының температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне ұзақ мерзімді бақылау жүргізу үшін институт ғалымдары серіктестермен бірге ойлап шы­ғарған өлшеу кешендері, яғни тем­пература мен ылғалдылық дат­чиктері орнатылды.

Айта кету керек, 2020 жылы институт зертханалары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша материалдар мен құрылымдардың сапасын бағалау бойынша 260 хаттама берілді. ҚазжолҒЗИ-дың жылжымалы зертханалары автомобиль жолдарын диагнос­тикалау мен құжаттауды жүзеге асырады. Осылайша, өткен жылы 2 397 диагностикалау жүргізіліп, автомобиль жолдары мен қала көшелерінің 202 шақырымы құ­жат­тандырылды.

Сондай-ақ былтыр ҚазжолҒЗИ Білім және ғылым министрлігінің «Жол битумының жоғары және төмен температуралық сипаттамаларын жақсарту» гранттық жобасы бойынша жұмысты бастап кетті. Оның аясында білім беру мекемесінің зертханаларында битумды байланыстырғыштарды сынау бойынша италиялық Калабрия университетімен бір­лес­кен жұмыс жүргізілуде. Жоба Қазақстан өңірлерінің кли­ма­тын ескере отырып, сапа­сы жақсартылған жол битумда­рын шығару мүмкіндігін қарас­ты­рады. Бұдан бөлек, институт автожол жобалары бойынша кеңес беру бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау кезінде авторлық қадағалауды да жүзеге асырады.