• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 18 Наурыз, 2021

Күресіннен көз ашпай тұр

494 рет
көрсетілді

Қай кезде де мәдениет пен өнердің ордасы болған көрікті Алматыда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының еріктілері кезекті рет әлеуметтік сынақ жүргізіп, Арбатта өтіп бара жатқан адамдардың алдына лақтырылған қоқыстарды қалай қабылдайтынын байқап көрген еді.

Жас жігіт түк болмағандай, плас­тикалық стакан, пакет сияқты басқа да ұсақ-түйек қалдықтарды жерге, кейде тіпті өтіп бара жат­қан адамдардың алдына лақ­тырып отырды. Өкінішке қарай, көз алдарында пайда болған қо­қыстарды қалалықтардың көбі байқамады, тіпті бұл көрініске бей-жай қараған. Жібек жолы даң­ғылында «бұзақылық ойы­нының» 2 сағат ішінде өтіп бара жатқан адам­дардың тек төртеуі ғана неме­се қоқыс жәшігіне қал­дық­тарды лақтыру әрекетін жасады.

«Біз таза қалада өмір сү­ру­ге және рахаттануға деген қа­­ла­уымызды жиі айтамыз,  ком­му­налдық қызметтердің тиіс­ті жұмысын талап етеміз. Өкі­ніш­ке қарай, біз қоқысты рұқсат беріл­меген жерге тастауға асы­ғып, өзімізді қоршаған ортаны лас­тайтынымызды мойындамай­мыз. Біздің StopMusor жобасы аясындағы Алматыдағы әлеу­меттік экспериментіміз осы­ның айқын мысалы. Жи­налатын жер­­де емес, қоқыс тастамайтын жерде таза болатынын әр­дайым есте ұстаған жөн», дейді «Қазақ­станның эко­логиялық ұйым­­д­ары қауымдастығы» ЗТБ бас­қарма төр­ағасы Айгүл Соловьева.

Электрондық үкімет пор­талының мәліметтері бойын­ша, Қазақстанда жылына 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қал­дықтар пайда болады. 2020 жылғы қайта өңделген және ор­наластырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 18,3% құ­рады. Алматыда тек өткен жы­лы ғана 24 апатты қоқыс орны анықталып жойылды, ал алма­тылықтардың қоқыстары Ал­маты облысындағы ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигонына шығарылады.

 

АЛМАТЫ