Түркістан облысының архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы параны қой түрінде алғаны үшін істі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
«2021 жылы 25 наурызда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сәулет бөлімінің бастығы пара алды деген күдікке ілінді. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жобалары мен нысандары бойынша сметалық құжаттаманы дайындаған Ш. Қожамсүгіров алаяқтық жасады деп айыпталды. Оған 15,6 млн теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Тергеушінің айтуынша, ол Шымкент қаласының Ташкент тасжолы бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектескен. Осылайша, алаяқтық жолмен жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге 30 бас қой және 11 мың теңге көлемінде пара алған.