• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2021

Мумбайда ауруханада өрттен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

282 рет
көрсетілді

Мумбайдағы коронавирусты жұқтырғандарға арналған ауруханадағы өрттен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Reuters алты адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер 76 пациентті эвакуациялады, оның ішінде жетеуі өкпенің жасанды желдету қондырғыларына қосылған. Олардың барлығы басқа ауруханаға ауыстырылды. Төтенше жағдай туралы Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди өзінің Twitter парақшасында түсініктеме берді. «Мумбай ауруханасындағы қайғылы жағдайдың болуы өте өкінішті. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», деп жазды ол.

Коронавирусты жұқтырғандарға арналған аурухана сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан. Өрт орталықтың бірінші қабатынан шыққан. Қызыл жалынның себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар