• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Наурыз, 2021

GRAND SLAM TBILISI: Бірінші жарыс күнінде Қазақстанда жүлде жоқ

112 рет
көрсетілді

Бүгін, 26 наурыз күні Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар іріктеу сынынан сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінде ерлер 60, 66 келіге дейінгі, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтап жатыр.

60 келіде ел құрама сапынан татамиге Бауыржан Жауынтаев пен Тоқтар Үмітәлиев шықты. Бауыржан Жауынтаев алғашқы айналымда ресейлік Константин Симеонидистен, Тоқтар Үмітәлиев грузиялық Темур Нодадзеден ұтылып қалды. 

Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта күресіп, бірінші айналымда ресейлік Якуб Шамиловтан жеңілді. Айболат Ыстыбай АҚШ өкілі Ари Берлинераны алғашқы айналымда иппон ұпайымен жеңді. Алайда, екінші қарсыласы, өзбекстандық Сардор Нұруллаевке есе жіберді. 

Қазақстан әйелдер сапынан 52 келіде Меруерт Сәрсенова бақ сынады. Ол Гвинея-Бисау спортшысы Тациане Цезардан, 57 келіде Севара Нишанбаева Бразиялия дзюдошысы Кетелин Насиментодан ұтылды.

Осылайша, қазақстандықтар жарыстың бірінші күнінде іріктеу кезеңінен аспай, жарыстан жүлдесіз қалды.