• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2021

БҚО-да мал іздеймін деп адасып кеткен жігіт жайлы жаңа деректер жарияланды

286 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында мал іздеуге шыққан жасөспірім адасып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округінде болған.

25 наурыз күні сағат 11.00-де Әтібек елді мекенінің тұрғындары 2004 жылғы жасөспірім мен 1972 жылғы ер адам аттарымен мал іздеуге екі бағытқа шыққан.

Бүгін сағат 01:20-да жасөспірімнің үйіне оралмағаны жөнінде хабар түскен.

Жедел құтқару жасағынан 6 адам «Трэкол» техникасымен шұғыл жолға шықты. Құтқарушылардың көмегімен сағат 13:31-де аталған жасөспірім Әжібай қыстағынан аман-есен табылды.

Ол медициналық көмекті қажетсінген жоқ.