• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Наурыз, 2021

Александр Бублик Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

216 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Майами ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Осы доданың 32-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 57-орында тұрған сербиялық Ласло Дьеремен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қарқынынан айырылған жоқ – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.

А.Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.

Ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Майами мастерс турнирі (жалпы жүлде қоры – 3,26 млн АҚШ доллары) 4 сәуірде мәреге жетеді.