ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 27 наурыз күні Алматы уақытымен 05 сағат 08 минут 31 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 561 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,3, магнитудасы – 4,1.
Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.