«Кәсіпкер-ана» білім беру бағдарламасының қанатқақты маусымының қорытындысында «Алақай» жобасының жетекшісі, алматылық Айнұр Джерембаеваның 500 мың теңгенің грантын ұтып алды.
Бірінші маусымға қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, көп балалы аналар шақырылған. Amway қайырымдылық қоры, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы ұйымдастырған жоба шартына сәйкес кәсіпкер аналар бизнес-идеяларын өздері қорғап шығуы қажет. «Кәсіпкер-ана» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі білім беру бағдарламасы кәмелетке толмаған балалары бар және декреттік демалыста отырған аналарға арналған. Оларға өз бизнесін бастау арқылы отбасына қамқорлық көрсету мен кәсіби тұлғалық дамуды қатар алып жүруді міндет еткен жобаға 500-ден астам өтініш түскен. Өтініш берушілер тігін және тамақ өндірісі, ересектер мен балаларға қосымша білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді.
Жоба ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, шалғай елді мекендерде тұратын аналарға да тегін оқудан өтуге мүмкіндік берді. Он төрт күн бойы қатысушылар өнімді құру және маркетинг негіздерін, қаржылық және салықтық сауаттылық барысын зерттеп, жеке бизнес-жоспар жасауды және аймақтың бизнес-сарапшыларынан жобаларды таныстыру дағдыларын үйренді. Ірімшік жасау, трикотаж киімдері мен әлеуметтік тақырыптарға подкасттарды өндіру, шағын кондитерлік дүкендер ашу, ағылшын тіліне оқытуға арналған сайт, шетелдіктерді орыс тіліне онлайн оқыту және тағы басқа болашағы бар бизнес-жобалар арасынан үздіктерін анықтау қазылар алқасы үшін қиынға соқты.
Бизнес-жобалар байқауында бірінші орынды мектеп жасына дейінгі және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фетр мен матадан жасалған әдістемелік құралдарды өндіретін «Алақай» жобасының жетекшісі Айнұр Джерембаева иеленді. Ол осы идеяны жүзеге асыруды көптен бері ойлап жүрген. Дефектолог маманның айтуынша, моториканы дамытуға және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін арнайы құралдардың артықшылығы көп. Алайда дүкендер мен интернет сайттардан ондай құралдарды табу қиын. Арнайы құралдар тапшы болғандықтан, жоба авторы 1 жастан асқан балаларға көмектесетін өнімді өзі жасап шығаруды ойластырады. Алдағы уақытта мұндай құралдар «Кәсіпкер-ана» жобасының нәтижесінде балаларға қолжетімді болмақ.
АЛМАТЫ