• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Сәуір, 2021

Қымбат медициналық қызметтер қолжетімді болмақ

316 рет
көрсетілді

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруды ескере отырып, қымбат тұратын медициналық қызметтер көлемі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 42%-ға ұлғаяды. Бұл оның халыққа қолжетімділігін едәуір жақсартуы тиіс. Егер 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры 950 мыңға жуық қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарласа, 2025 жылға қарай оның саны 1 355 мыңға дейін артады. Денсау­лық сақтау министрлігінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру (МӘМС) есебінен қымбат тұратын медициналық қызметтердің қол­жетімділігі мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта бірқатар өңір­де меди­­циналық ұйым­дар­дың техни­ка­лық жарақтан­дырылуының төмен болуына байланысты халық үшін осы қыз­­меттерге қолжетімділік дең­­гейінің төмендігі байқалуда. Қол­­жетімділіктің ең төмен деңгейі Түркістан, Қостанай, Ақтөбе және Алматы облыстарында байқалады. Денсаулық сақтау министрлігі атап өт­кендей, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының әкім­діктеріне мемлекет-жеке меншік әріп­тестік аясында қосымша жаб­дық­тар сатып алып, инвестицияларды бел­сенді тарту қажет.

«Әр емхана өзіне бекітілген тұр­­ғындарды қымбат қыз­меттерге ба­ғыттау жөніндегі жос­парларды анықтауы, сондай-ақ пациенттердің қызметтерді уақ­тылы алуы үшін бағ­дарын белгілеуі тиіс. Оның мер­зімі 10 күннен аспауы керек. Он­кологиялық ауруларға күдік туын­даған кезде әлеуметтік ма­ңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді қым­бат тұратын қызметтермен қам­тамасыз ету маңызды», деді ми­нистрліктің МӘМС үйлестіру де­пар­таментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова

Қымбат тұратын қызметтердің қол­жетімділігін арттыру жөнін­дегі отырысқа Әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қоры­ның, облыстардың, Нұр-Сұл­тан, Ал­маты, Шымкент қала­ла­ры­ның денсаулық сақтау бас­қар­ма­ларының, медициналық ұйым­дар­дың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында министр­лік медициналық сақтандыру қорына, ден­саулық сақтау бас­қар­маларына, меди­циналық ұйымдар мен учаскелік дәрі­герлерге арналған іс-шаралар жос­парын ұсынды. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін барлық мүд­делі ұйымдардың үйлесімді жұмысы және медициналық ұйымдармен үнемі кері байланыс қажет. Сонымен қатар, Г.Шайхыбекова Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бе­ріл­ген негізгі тапсырмаларға на­зар аударды. Мәселен, об­лыс­тар­дың, республикалық маңызы бар қала­лардың ден­саулық сақтау басқар­малары ха­лықтың қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз ету үшін қым­бат тұратын қызметтердің тиіс­ті көлеміне өтінімдерді уақ­тылы қалып­тастыруды, өңір­дің ден­саулық сақтау ин­фра­құрылымын дамыту мони­торингін, медициналық ұйым­дар бөлінісінде қымбат тұ­ра­тын қыз­меттердің 100% қол­жетімділігін қам­тамасыз ету мониторингін, олардың жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, медициналық қызметтерге кезектерді болдырмау мақсатында мемлекет-жеке меншік әріптестігінің объектілері мен жеке секторды тарта отырып, ден­сау­лық сақтау нысандары бойынша па­циент­терді бағдарлауды әзірлеу және ұйым­дар мен халыққа жеткізуі тиіс. Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер көлемін уақ­тылы орналастыруды, көрсетілетін қымбат тұратын қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндет­темелердің орындалуына мо­ни­торингті, қымбат тұратын қыз­мет­тердің қолжетімділігіне қатысты ха­лықтың жүгінулеріне мони­торингті және өңірлер бөлінісінде қымбат тұратын қызметтерді көрсету бойын­ша ақпарат ұсынуды жалғастыруы қажет. Ал медициналық ұйымдар ме­дициналық қызметкерлер арасын­да қымбат тұратын қызметтерді көр­сету шарттары бойынша оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қым­бат тұратын қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындау шарттарын уақтылы жасасу, жолдамаларды уақтылы ұсынуды ішкі бақылау және пациенттердің қызметтерді алуын бақылау қажет.

Nur Otan партиясының «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының аталған іс-шарасының орындалуына мониторинг жүргізу тұрақты негізде жүзеге асырылмақ.