• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Сәуір, 2021

Шығыршықтар жеңіске шақырады

545 рет
көрсетілді

Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін Жазғы Олимпиаданың ашылуына 100 күн қалғаны кеншілер астанасында елеусіз қалмады.

Осы оқиғаға орай ұйымдас­тырылған акция аясында қала­дағы Қазбек Нұржанов атын­дағы жеңіл атлетика мане­жінің аумағына түнде жарық ша­шып тұратын олимпиада шы­ғыршықтары орнатылды. Сондай-ақ спорттық нысан­ның ауласына жас жеңіл атлет­шілермен бірге қарағай көшет­тері отырғызылды.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша боксшы Абы­лайхан Жүсіпов, балуан Эльмира Сыздықова, суда көркем жү­зу­­шілер Алек­сандра және Ека­те­рина Не­мичтер олимпиада ли­­цензиясын жеңіп алған. Со­ны­мен қатар жүзгіштер Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Ра­хым­бекова, жеңіл ат­летшілер Руфат Хабибуллин, Тоқ­тар Жа­қыпов, Дастан Мұ­қаш­беков, мерген Айдос Жыл­қы­шинов сынды паралимпияшылар да дүбірлі додада ел намысын қорғайтын болады.

«Спортшыларымыздың Олим­пиадаға тыңғылықты да­йын­далуы үшін барлық жағдай жасалған. Олардың ел үмітін ақтайтынына сенім мол», дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Сонымен қатар Арқа спор­тының басшысы қарағандылық бір топ спортшының Олимпиада жолдамасынан әлі де үмітті еке­нін айтады. Мысалы, Да­нил Мұсабаев (батут гимнасти­ка­сы), Ерұлан Ысқақов (грек-рим күресі), Светлана Герма­но­вич, Виталий Васильев, Ми­хаил Таскин (академиялық есу), Ислам Бозбаев, Жансай Сма­ғұлов (дзюдо) және Да­вид Ефремов пен Римма Каша­футдинова (жеңіл атлетика) сияқты атлеттер алдағы жарыстарда Олимпиада жолдамасы үшін күресетін болады.

 

ҚАРАҒАНДЫ