Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ленин кентіндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты түсінік берді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде балықтардың жағада шашылып жатқаны түсірілген видео пайда болды.
- Аталмыш факт бойынша уәкілетті органдар ғылыми ұйымдар мен ветеринарлық қызметтерді тарта отырып, тексеріп шықты. Балықтардың қырылуы тереңдігі 1,0-ден 1,5 метрге дейін болатын су қоймасының толық мұздауына байланысты екені анықталды. Су мен балық сынамалары алынды, сараптама қорытындысы балықтарда патология жоқ екенін көрсетті, - дейді ведомство өкілдері.
15 сәуірде жағалауды балықтан тазарту жүргізіледі.
Бұған дейін Ертіс өзенінде де балақтардың қырылу дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз.