• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2021

Тұқымбақтағы тындырымды іс

483 рет
көрсетілді

Жер тоңы жібігенде көшет отырғызу – сауапты іс. Бабын тауы­п, баптай білсек, бүгінгі көшет болашақта мәуелі баққа немесе көлеңкелі саябаққа айналары белгілі. Осы орайда көктемнен бастап тұқымбаққа көшет отырғызып, келешекте ауданды, облысты жасыл желекпен қамтамасыз ететін ұлттық парктің тұқымбақ жобасы бүгінде жүзеге асып, жұмысын бастап кеткенін біреу білсе, біреу білмес...

Ағаш отырғызудың қыр-сы­рына қанық мекеме мамандары топтасып, экологиялық ағар­ту, рекреация және туризм бөлімінің мамандарының ұй­ым­дастыруымен «Парктер ше­руі-2021» Халықаралық ак­циясының аясында өтетін «Дү­ниежүзілік ағаш отырғызу кү­ні» іс-шарасымен байланыс­тырылып, «Қарабұлақ» атты тұ­­­қымбақтағы мектеп бөлімінде жөке мен үйеңкі ағашының 500 түп көшетін, теректен 2 мың түп, сондай-ақ еменнен 2500 көшет отырғызды.

Осы ауқымды жұмыстарды ат­қарып, келешекте жан-жақ­тан түскен сұраныстар бо­йын­ша екпе көшеттерімен қамтама­сыз етіп, мекеме өзін өзі қаржы­лан­дырып, пайда көзін табатын болады. Сондықтан да бүгін қала­нып жатқан, жанынан су көзі үзілмейтін тұқымбақтың ұлттық парк үшін маңызы зор.

Келешекте ауылдық округ­­терді және ауданды қам­та­ма­сыз ету үшін басқа да же­міс-жидек ағаштарының кө­шет­­­терін өсіріп баптау жоспарда бар. Тұқымбақтың орналасу ерек­шелігіне байланысты аумақ­та жердің құрғақ болуы ықти­малдылығынан тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Егілген екпе көшеттерін сақтап қалу үшін суару жүйесі қатаң бақылауға алы­нады. Бұл көшеттердің күті­мін жақ­сар­ту үшін егу кезінде органи­ка­лық тыңайтқыштармен ба­йы­тылған қи-көн қоспа да қол­данылды. Жұмыстың басы тұ­қым­бақ аумағын қоршау үшін, санитарлық тазарту мақсатында арнайы кесілген ағаш діңдері қағылып, темір тормен қор­шауға алынғаннан басталып, тұқым­бақтағы атқарылатын жұмыс­тарға қажетті құрал-жабдық­тар­мен толық қамтамасыз етілді.

Қасиетті Рамазан айында туған өлке табиғатын көркейту, айналамызды жасыл желекке айналдыруға жұдырықтай жұ­мыла білген ұжы­мымыздың қа­сынан табылған Қа­рабұлақ ауылының әкімі Ержан Қайранов та халық атынан жүрек жарды тілегін білдіріп, кәсіпкер Әді­­­лет Суықбаев игілікті іске қол­ғабыс етті, «Саят» шаруа қо­жа­­­лығының иесі де қолұшын созып, жергілікті мемлекеттік инс­­­­пекторлар атсалысып, Құ­ран хатым түсірілді.

Қазір тұқымбақ жанындағы ауылдан жалдамалы қызметке 2 жұмысшы алынғанын айта кет­кен орынды. Келешекте мау­сымдық кезеңде оннан астам жұ­мысшы қатарға тартылып, бұл да аудан халқының әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізетін игі іс болары күмәнсіз.

 

Жаңылқан АЛЕМСЕЙТОВА,

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы

 

Шығыс Қазақстан облысы