• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Сәуір, 2021

Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті

105 рет
көрсетілді

Аталған оқиға тіркеліп, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуір күні сағат 23:00-де Аймауытов және Қамзин көшелерінің қиылысында «Шевроле Ланос»  және «Тойота» автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілердің бірі медициналық көмекке жүгінді», делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалды.