• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2021

Екпе салдырушылар саны артып келеді

371 рет
көрсетілді

Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы аз-кем бәсеңдегенімен, коронавируспен ауырған науқас саны әлі де алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Қазір облыс індет қауіпі жөнінен «сары аймақтағы» орнын сақтап тұр. Аймақта сақтық шарасына қатысты шектеулер де қалпында. Дегенмен, жағдайды жақсы деу­ге болмайды.

Өкінішке қарай, өткен тәулік ара­лығында облыс дәрігерлерінің көме­гі­не жүгінген 240 адамнан коронавирус анық­талған. Соның ішінде Талдықорған қаласында 42 жағдай тіркелсе, Талғар ауданында 30 науқас, Еңбекшіқазақ ауданында 28 адам індет жұқтырған екен. Ал Іле және Ұйғыр аудандарының әрқайсысында 21 адамнан індет белгісі табылса, Қарасай ауданында 20, Жамбыл ауданында 18, Текелі қаласында 16, Панфилов ауданында да 15 жағдай тіркеліпті. Сондай-ақ Алакөл ауданында 8 науқас, Көксу ауданында 6 науқас, Кербұлақ және Сарқан аудандарында 4 науқасқа медициналық көмек көр­се­тіл­се, Ескелді ауданында 3 жағдай, Ақсу ауданы мен Қапшағай қаласында да 2 жағдайдан анықталған.

Жалпы, облыс ауруханаларында 2 612 адам коронавирусқа қарсы ем қа­был­дап жатыр екен. Олардың ішінде 52 науқастың жағдайы ауыр көрі­не­ді. Ал аймақтағы жұқпалы аурулар стацио­нарларындағы орын саны 54,5 пайыз­ға толып отыр. Және дәрігерлердің емі шипа болған 348 науқас жұқпалы індет­тен айығып шықты. Сондай-ақ өткен үш күн аралығында облыста 9 970 адам ПТР сынамасын тапсырған. Мұнан бөлек, науқастармен қарым-қатынаста болған 605 адам анықталып, олардың барлығы үй карантиніне алыныпты.

Ал аймақта жұқпалы індетке қарсы екпе алу науқаны қызып тұр. Бүгінге дейін вакцинаның І компонентін 101 477 адам салғызып үлгерсе, тағы 10 432 адам екпенің ІІ компонентін алған. Дерек бойынша, вакцинаның І компонентін өңірдегі 17 мыңнан астам медицина қызметкері салдырса, 25 мыңға жуық педагог және басқа да міндетті ванкцина алушылар мен еріктілер екпе салдырған екен. Ал екпенің ІІ компонентін 7 298 медицина маманы, 2 801 педагог, сол сияқты тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметшілер алып отыр.Сондай-ақ бүгінде Алматы облысында жал­пы халықтық екпе салу ісіне 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада жұ­мыл­ды­рыл­ды. Бұл арнайы орындар бір кезекте 7 мыңнан астам адамды қа­был­дап, екпе салуға қауқарлы екен.

Айтпақшы, індет ошағы азаймай отыр­ған орталықтың бір – Текелі қаласы. Шағын қалада өткен тәулік аралығында 14 адамнан коронавирус инфекциясы анық­талған. Ал сәуір айының басынан бері жүзден астам адам індетке шалдыққан. Қазір де қаладағы ауру­ха­нада 26 науқас ем алуда. Бірақ кен­ші­лер қаласында індетке қарсы екпе сал­дырушылар саны аздау болып тұр. Вакцина салдырғандар саны 2 мың адамның шамасында. Жақында Теке­лі­­дегі жағдаймен облыс әкімінің орын­ба­сары Батыржан Байжұманов пен облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов арнайы танысып қайтты.

– Қала шағын болғанымен, жұқпалы кесе­лд­ің таралуы күрт күшейгендіктен тұр­ғындар бұл індеттен құтылудың жал­ғыз жолы жаппай вакцина алу керек еке­нін түсінуі тиіс. Қазір 2 мыңнан астам тұрғын екпе алған. Ауруханада 3 егу бөлмесі жұмыс істеп тұр. Екпені сақтауға арналған 3 тоңазытқыш, 5 термоконтейнер бар. Қосымша 3 егу бөлмесін ашу жоспарлануда. Алдағы уақытта тағы да 150 мың адамға жететін екпе келеді. Оны бірден аудан-қалалардағы егу меке­ме­леріне таратамыз, – дейді облыс әкі­мі­нің орынбасары.