• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Сәуір, 2021

Павлодарда жол апатынан бір жүргізуші зардап шекті

88 рет
көрсетілді

Автокөлік айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 09:11-де С.Торайғыров көшесіндегі 59-шы үйдің жанында «КИА РИО» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Мәдениет» сарайы жақтан келе жатып, өзге көлікке жол бермей қойған.

«Салдарынан «Ниссан» автокөлігімен соқтығысқан. «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол апатының мән-жайы мен нақты себептері анықталуда.