2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның кейбір заңнамаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Параграф» ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Зейнетақы жүйесі – 1 мамырдан бастап таратылған банктерден талап етілмеген депозиттер зейнетақы шоттарына аударылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жасалу ережелері мен стандартты нысаны өзгеруде.
Жылжымайтын мүлікті тіркеу – тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Бұған дейін мәліметтер бірыңғай нотариаттық ақпарат жүйесі(ENIS) арқылы алынған.
Мәдениет – көрермендер концертке билетті сатып алғанға дейін оларға фонограмма туралы ескертілуі қажет.
Қазақстандықтар электронды каталогты «Ұлттық Кітапхананың» сайтынан тіркеусіз және ақысыз пайдалана алады.
Авторлық құқық – авторларға әлеуметтік маңызы бар әдебиетке меншік құқығын алғандығы үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша сыйақы төленеді.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру – аукцион, конкурс, мақсатты тікелей сату, өткізу сондай-ақ жекешелендіру обьектілерін сату кезінде есеп айырысу тәртібі ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Банктер – әлеуметтік жобаларға несие беру тетігі шеңберінде берілген қаражатты банктердің мақсатты пайдалануы тексерілетін болады.
Бензинге акциздер – Үкімет бензинге салынатын акциздер мөлшерлемесін өзгертті.
Кеден – Қаржы министрлігі жергілікті жердегі кедендік тексерудің алдын-ала актісін тапсыру ережелері мен мерзімдерін бекітті.
Жер мәселесі – жер телімдері мемлекеттік–жекеменшік серіктестік шарттары бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беріледі.
Бухгалтерлік есеп бөлімі – кәсіби бухгалтерлік органдар үшін есеп тізімдері бекітілген.
Ақпарат – Үкімет бірлескен және басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты мемлекеттік құпияларды берудің жаңа ережесін бекітті.
Мемлекетаралық стандарттар – Қазақстан мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялады. Ратификация мына мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді: мемлекетаралық стандарттардың заңды сатылуына, олардың қазіргі заманғы шындыққа бейімделуіне құқықтық негіз жасайды сондай-ақ, бизнес үшін шығындар азаяды.