• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Мамыр, 2021

Павлодарда екі көлік соқтығысып, үш бала зардап шекті

157 рет
көрсетілді

Жол апатынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы  баспасөз қызметінің   мәліметінше, 16 мамырда сағат 11:48-де «103» пультіне оқиға куәгері қоңырау шалған. Қамзин және Ломов көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан. Жедел жәрдем тобы жол апаты болған жерге сегіз минуттан кейін жетті.

«Жарақат алғандардың арасында үш бала бар, олардың екеуі 2009 жылы және біреуі 2010 жылы туған. Оларды бас миының шайқалуы  және бас-сүйек мидың жабық жарақатымен  облыстық балалар ауруханасына жеткізді»,  делінген  хабарламада.

Беті мен иығы  жарақаттанған 1984 жылы туған әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы бір 37 жастағы ер адам мойны мен кеудесін жарақаттаған, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.