Елімізде туризмді табыс көзіне айналдыруға қатысты көкейкесті мақсаттармен қатар, Қазақстанның таулы аймақтары, әсіресе Алматы тау бөктері идеологиялық және экономикалық шайқастардың орнына айналғаны қашан?! Табиғат қорғаушылар мен кәдімгі қарапайым азаматтар табиғи нысандарды экономикалық айналымға қосу үшін мемлекет пен бизнестің табиғи аумақтарда «заманауи қонақүйлер» мен «глемпингтер» салу әрекеттеріне наразылық білдіріп жүр.
Таулардағы туризмді дамыту мәселесінде экологтердің де айтар уәжі жеткілікті. Алайда Алматының даму әлеуеті туризм саласында екенін ешкім жоққа шығармайды және мұндай туризм қазынаға ақша әкеліп қана қоймай, ең алдымен табиғатқа зиян тигізбейтін дамыту моделін табу қажет. Яғни Алматыдағы туризмді дамыту туралы армандардың жолында талай әрекеттер жасалынып-ақ жатыр. Соның қазіргісі Еуропалық үлгімен құрылған Қазақстандық Альпілік Клубы (Kaz Alpine Club). Қызметіне енді кіріскен клуб та елдегі экологиялық туризмді үздік әлемдік стандарттар бойынша дамыту мен табиғатты қорғауға жәрдемдесуді көздейді.
Қазақстандық Альпілік Клуб белгілі спортшылар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлерінің бастамасымен құрылып отыр. Олардың арасында Бағлан Жүнісов, Райымбек Баталов, Елена Ерзакович, Тимур Дүйсенғалиев, Ажар Жандосова, Артем Скопин, Қажым Жұмалиев, Вадим Винокуров сынды іскер адамдар бар. Жарты жолда қалатын кейбір жобалардың жолын құшпаса, жоғарыдағы түйткілдерді шешу жолындағы аталған Клубтың да мақсат-мүдделері аз емес.
Жарқын келешекте Қазақстандық Альпілік Клубының жоспарында таулы аумақтарды дамыту жобаларын әзірлеу мен іске асыру барысында тұрақты туризм қағидаттарын және экологиялық практика мен технологияларды енгізу міндеті тұр. Сонымен қатар тау-кен инфрақұрылымын дамыту жобаларын дайындап, іске асыруда қазіргі заманғы экологиялық тәсілдерді енгізуі тиіс. Оған қоса Қазақстан тауларында бірегей туристік өнімдерді ілгерілете отырып, таулы аумақтарда ішкі және халықаралық туризмді ақпараттық сүйемелдеу мен танымал етуді қоса атқарулары қажет.
Ал жуық арада ҚБС салу, ұялы операторлардың ретрансляторларын орнату, тау гидтерін/құтқарушыларды дайындау арқылы таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, барлық қажетті инфрақұрылымы бар Транс Іле Алатауының бірегей соқпағын жасау міндеті тұр. Бұл тірліктер туристер үшін онлайн платформа мен мобильді қосымшаларды әзірлеуден басталмақ. Аталған жобалардың барлығы Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктерімен және Алматы Тау кластерінің бірлескен жобалық кеңсесімен бірлесіп іске асырылатын болады.
Қазіргі күндері Kazakh Alpine Club жергілікті және шетелдік сарапшылармен бірге Қазақстанның таулы аумақтарында туризмді дамытудың Жол картасын жасап, оны Алматы және Алматы облысының әкімдіктеріне ұсынған. Әрине, туризмге қатысты әлі бітпеген істі бұған дейін де талай рет тізбектеп шыққанбыз. Ал оған дейін Алматыда туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген бе деген сауалды алға тарту керек.
Бұл мәселеде таяу күндері ғана мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдеріне қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен таулы бағыттарды абаттандыру шаралары туралы баяндаған еді. Қалай атасақ та, Алматының әрбір екінші қонағы – шетелдік турист. Пандемияға қарамастан, өткен жылы Алматыға 163 мың шетелдік қонақ келген көрінеді. Қала тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал демалыс түрі – тауда серуендеу. Пандемия барысында таулы аймақтарға бару төрт есе өскен.
Қала тұрғындары мен қонақтарының уақыттарын қауіпсіз әрі жайлы уақыт өткізуі үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, адамдар көп жиналатын таулар мен ұлттық саябақтардың, демалыс орындарының инфрақұрылымы біртіндеп реттеліп жатыр.
Қазірдің өзінде 1 мың шақырым таудың жаяу соқпақтары цифрландырылды, 500 шақырымы абаттандырылды. Шымбұлақта, Медеуде визит-орталықтар ашылды. Осындай орталықтар Аюсай шатқалы мен «Горельник» термалды бұлағының жанында жұмыс істей бастады. Медеуде, Республика алаңында, Халықаралық әуежайда және Республика сарайының жанында туристік полицияның 4 пункті ашылды.
Туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыстың аймақтары кеңейтіледі. Бұдан өзге, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару бекеті, Тұйық су қыратында тікұшақ алаңы, таулы бағыттардың шеткі тораптық учаскелерінде туристер паналайтын 15 лашық салынады. Сондай-ақ құтқару топтарына сигнал беру үшін дабылды бастырмалары бар 10 радиорелейлі баған орнатылады.
Аюсай шатқалында жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін визит орталық салынды, мұнда туристер қажет ақпаратты, тауда жаяу серуендейтін тауарларды, кәдесыйлар мен азық-түлікті ала алады. Жоба – санитарлық-гигиеналық орталығы, тамақтану пункті, жазғы террасасы және ақысыз Wi-Fi бар туристік ақпараттық орталық, мұнда әр турист туристік бағыттар, соқпақтар, ұлттық парктегі нысандардың байланыс мәліметтері туралы ақпарат ала алады.
Визит орталықта қауіпсіз демалыстың негіздерін түсіндіру үшін жабайы табиғаттың «Тамыр» мектебі ашылған. Еріктілер мен кәсіби альпинистер ақысыз дәрістер оқиды. 700 турист қауіпсіздік және табиғатты қорғау бойынша оқытудан өтті. Белсенді 20 қала тұрғыны еріктілер қозғалысының көшбасшысы болып, Ұлттық паркті көгалдандыруға, тау жолдары мен алаңқайдағы тәртіпті сақтауға көмектеспек.
Үлкен Алматы шатқалындағы Іле-Алатауы ұлттық саябағында экологиялық туризмді дамыту жобалары да алға жылжып жатқан жайы бар. Визит орталықта ақпараттық қызмет пен санитарлық-гигиеналық қондырғыны орналастыру қарастырылған. Консультанттар серуендеу ережесі, бағыттар және ерекше орындар туралы айтып береді. Сонымен қатар Үлкен Алматы өзенінің келбетін тамашалауға болатын көру алаңы жабдықталады. Басты талап – ауыз су көзі мен іргелес аумақтың экологиялық теңгерімін сақтау.
Алматы тау кластерін дамыту аясында кейінгі 4 жылда 1000 шақырымнан астам таулы бағыттар цифрландырылды, оның ішінде ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды. Цифрландырылған бағыттар Интернет желісінде және оффлайн режімінде GPS Ranger және 2Gis навигаторларында қолжетімді. 2021 жылы қосымша 172 шақырым тау соқпағын жақсарту жоспарланып отыр.
Бағлан Жүнісов,
альпинист, іскер:
«Kazakh Alpine Club-тың ең басты міндеті – outdoor белсенділікті дамытуға бейжай қарамайтын адамдарды біріктіру, табиғи ресурстарды қорғау, туризмді дамыту, жастарды тарту және оқыту, осы қоғамдастықтың әлемдік трендтерге қатысу, мемлекеттік құрылымдардың құқықтары мен талаптарын қорғау және барлық деңгейлерде қоғамдастық қатысушыларының құқықтарын сауатты қорғау сияқты негізгі міндеттер үшін ұйымды жүйелі және жоспарлы түрде құру».
Райымбек Баталов,
«Велофрендс» қорының негізін
қалаушы, іскер:
«Kazakh Alpine Club еуропалық Альпі клубтарының үлгісі бойынша құрылған, онда қалың жұртшылық табиғи аумақтарды қорғау және дамыту үшін бірігеді. Клубтың барлық мүшелері экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және туристік орындарды қорғауға және абаттандыруға кететін жарналарды төлейді. Осылайша, әр тұрғын табиғи аумақтың «қожайыны» болады және оған мұқият қамқорлық жасайды. Біз бұл идеологияны – табиғатқа өз үйі ретінде қарауды Қазақстанда әлі де дамыту қажет екенін түсінеміз, бірақ қоғамды шетін экологиялық мәселелерді талқылауға және шешуге осындай тәсілдің тиімді екеніне сенімдіміз».
Тимур Дүйсенғалиев,
Қазақстандық Альпілік Клубының
құрылтайшысы:
«Тау-кен Омбудсмені ретінде біз олардың бастамашыларының меншік нысанына қарамастан, ұлттық табиғи парктердің аумақтарын қоса алғанда, тау-кен аумақтарын игерудің барлық жобаларын заңды, ашық және жария талқылауды қамтамасыз ету үшін аккредиттеу, сондай-ақ салалық және қоғамдық кеңестерге кіру арқылы барлық мемлекеттік және өзге де құрылымдармен ынтымақтасатын боламыз».