• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Өнер 20 Мамыр, 2021

Сұлу. Суретшінің көзімен...

539 рет
көрсетілді

Әрбір суреттің өз тағдыры бар. Суретші оны ойдан ойып, қырдан қырқып кенеп бетіне төге салмайды. Шығарма жүрек көзінен өтпей оқырманға жол тартпауы қажет. Асқақ туындыға анықтаманы уақыт беретінін ескерсек, шебердің еңбегі шетте қалмайтыны анық. Мәселен, орыстың даңқты суретшісі Илья Репиннің «Монахиня» портретінің өмірге келуі секілді. Алғашында қатардағы суреттің бірі көрінгенімен, артынан авторды абырой биігіне жетеледі.

Қара жаулық жамылған қыз портреттен бізге ойлана қа­рап тұрғандай. Сәбидей сүй­­кімді көрінеді. Образ клас­си­ка­лық үлгіде берілген. Сол дә­уір­дегі оқырманға етене та­­ныс кейіпкер ретінде де ерек­­­ше. Мүмкін, бұл туын­ды И.Репиннің әйелінің жие­ні Люд­мила Шев­цова-Спо­раның есте­ліктері болмаса, өнер­тану­шы­лар арасында қы­зығу­шы­лық тудырмас па еді.

Портреттегі ғажайып кейіп­кер кім десеңіз, суретшінің қайын әпкесі София. Сің­лі­сінің үйіне қонаққа келген­де күйеу­баласы көріп ға­шық болып қалады. Бірақ тағ­­дырдың жазуы­мен Вера Ре­­­пинге қосылған суретші му­за­сының портретін жа­зу­дан қашпайды. Ең қызығы, София Ильяның туған ағасы Василийге тұрмысқа шығады. Ол Марин театрының ор­кес­трінде қызмет ететін. Со­­ған қа­рағанда София суреттен гөрі, музыкаға әуес болған секілді. Бұлай дейтініміз, сыл­қым Со­фия портретін жаз­ғызарда қылқалам шеберінің әбден ығы­рын шығарған екен.

Алғашында сәнді де салтанатты көйлек киіп келеді. Әйт­се де автор сұлудың бұл обра­зын жақтырмайды. Келесіде алдында қасқайып жеңіл әрі ашық көйлекпен отырады. Одан кейін шашын жоғары түйіп, қысқа етекті көйлек киіп келеді. Шынайы өнерге бойлай алмағаны үшін суретші Софиямен әбден жанжалдасады. Тіпті оның әнтек әрекетіне қатты қынжылады. Сөйтіп осын­­дай жағымсыз қылығы үшін қайын апасынан тапқырлықпен кек алу­ды көздейді. Ақыры ерке де сұлу Софияны жабық киім киіндіріп, таза күйінде бейнелейді.

Негізінде София өмірінде жабық киім киген жан емес. Зерт­теушілер суреттің құ­пиясын көп ұзамай тауып алды. Ав­тор бояудың бастапқы қаба­тын тазартпаған екен, бұл кейіп­кердің шын киімін егжей-тег­жейлі зерттеуге мүмкіндік берді.

Міне, осылайша сәнқой София мінезі жібектей қызға айналып шыға келді. Әуелде кейіпкер мен оқырман портреттің құпиясын түсінбегенімен, уақыт өте шындықтың беті ашыл­ған соң сүйсіне тамашалады. Өмір­­ден жан рахатын іздеген орыс қызының имани кейпін сомдаған автордың туындысы расымен кереметке толы. Сұлу суретшінің көзімен осылай берілді.