• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Мамыр, 2021

Павлодарда велосипедшіні көлік қағып кетті

149 рет
көрсетілді

Павлодар тас жолында мас велосипедшіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 09:00-де Ленин – Курчатов автожолында, шеңбер маңында «Subaru Legasy» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен велосипедшіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мас күйінде болған 1980 жылы туған велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.