• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Мамыр, 2021

Холдинг құрылымы оңтайландырылады

87 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бәйтерек» холдингі­нің 2024 жылға дейінгі түзе­тілген Даму страте­гиясының жобасы бекітілді, оған қызметтің жаңа ба­ғыты – агроөнеркәсіптік кешен­ді дамыту енгізіл­ді. Стратегияда Бірыңғай тұр­ғын үй құрылысы опе­раторын құру және Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін «Отбасы банк» АҚ етіп қайта құру бө­лі­гінде Холдингтің тұр­ғын үй блогы қайта қаралды. Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қол­дау және экспорттық әлеуетін дамы­ту құралдары кеңей­тіл­ді, Холдингтің проак­тив­ті рөлі мен клиентке бағ­­дарлануы күшейтілді. Оты­рыста сондай-ақ 2020 жылғы жылдық қаржылық есеп­тілік, корпоративтік бас­қаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуе­келдерді басқару және Хол­дингтің ішкі бақылау мәселелері қаралды.