Қайғылы оқиға Әуежай – Павлодар автожолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 23.00-де «БМВ» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіледі», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 168 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алған.