Жол-көлік оқиғасы Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өткен түнде сағат 02:07-де Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында «Мерседес-Гелендваген» мен «Лада-Калина» көліктері соқтығысқан.
- Оқиға салдарынан 1993 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады полиция дартаменті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш адам зардап шеккенін хабарлады.
- 1993 жылы туған әйел адам жамбас сүйектері, қабырғаларының сынуы және кеуде жарақатымен ауруханаға жатқызылды. 1993 жылғы ер адам мидың шайқалуы, бас терісінің зақымдануымен үйде емделуге жіберілді, - деді басқармада.
Сондай-ақ басқарма 1991 жылғы мас күйде болған ер адам бас терісінің зақымдануымен нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған, алайда ол өз еркімен қабылдау бөлімшесінен кеткенін мәлімдеді.