• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Маусым, 2021

Ірі есеппен ұтылды

113 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аптада Еуро-2020 турниріне қатысатын Солтүстік Македония футболшыларымен жолдастық матч өткізіп, сырт алаңда өткен кездесуде ірі есеппен жеңіліп қалды.

Талғат Байсуфинов баптай­тын Қазақстан құрамасына бұл кездесуде таблодағы көр­сет­кіштен бұрын, қосалқы құрам­дағы және құрамаға жаңа­дан шақырылған футболшылар­ды күздегі негізгі матч алдын­да сы­нақтан өткізіп алу маңызды бол­ды. Дегенмен бірінші таймда не­гізгі құрамда жаңа ойыншылардан Еркін Тапалов шыққаны­мен, өзге ойыншылардың барлы­ғы тегіс ұлттық құрама намысын қорғап жүрген болатын. Бірінші таймның алғашқы 30 минутын тәуір өткізген жерлестеріміз матчтың 34-минутында Абзал Бейсебеков өз алаңымызда тәр­тіп бұзып, төреші 11-метрлік айып добын белгіледі. Пеналь­тиді сәтті орындаған Эгзиян Алиос­­ки есепті ашты. Ал бі­рін­­ші тайм аяқталар тұста Се­рік­­жан Мұжықов қарсылас ойын­шысына қарсы өрескел тәр­тіп бұзғаны үшін бас төреші тара­пынан «қызыл қағазбен» ­жазаланып, алаңнан қуылды.

Екінші тайм басында бас бапкер қақпашы Стас Покатилов­тың орнына Мұхаммеджан Сей­сенді, Руслан Валиулиннің орнына Ғафұржан Сүйімбаевты, Алексей Щеткиннің орнына Ро­ман Мұртазаевты алаңға шы­­ғарса, кейіннен Әлібек Қа­сым, Бауыржан Байтана, Ми­хаил Га­бышев секілді ұлт­тық құра­маға жаңадан келген ойын­шы­лар­ды матчқа аралас­тырды. Өкі­нішке қарай, кейбір жас ойын­­шылардың  ұлттық құрама дең­гейінде ойнауына әлі ерте екені байқалып қалды. Бірінші таймда әрең дегенде пенальти­ден гол соққан алаң иелері екінші таймда қақпамызға тағы жауапсыз үш гол салды. Бұған С.Мұжықовтың алаңнан қуылуы  да себеп бол­ғаны анық. Қорытынды есеп – 4:0.