• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 09 Маусым, 2021

Жеңіл атлеттердің бесінші жолдамасы

169 рет
көрсетілді

Қазақстандық жеңіл атлет Мария Ов­­чин­никова Токиода жалауы желбі­рей­тін жазғы Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қазақстан жеңіл атлетика феде­ра­ция­сының мәліметі бойынша, Мария Ов­чин­никова Алматыда өтіп жатқан ел чемпио­натында үш қарғып секіру жарысы бойын­ша Олимпиада нормативін орындап, ел қоржынына кезекті лицензияны салды. Овчинникова Алматыдағы ішкі чемпио­натта 14.34 метр нәтиже көрсетті. Бұл – же­ңіл атлеттердің бесінші лицензиясы. Бүгінге дейін қазақстандық жеңіл атлетика өкілдерінен Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Георгий Шейко, Айман Ратова (спорт­тық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) Олимпиада жолдамасын иеленген болатын.

Ал әзірше ел қоржынында спорттың 30 түрінен 63 жолдама бар.