Өмірдің ең көрнекті құбылысы – өзгеріс. Баспасөз қызметкерлері сол өзгерістердің не ең алдыңғы легінде немесе қайнаған ортасында жүреді. Олардың негізгі дені әділдікті, адалдықты, шындықты қорғайды, сол үшін күреседі.
Өмірдің ең көрнекті құбылысы – өзгеріс. Баспасөз қызметкерлері сол өзгерістердің не ең алдыңғы легінде немесе қайнаған ортасында жүреді. Олардың негізгі дені әділдікті, адалдықты, шындықты қорғайды, сол үшін күреседі.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің 30 жылында біз, біздің ұлтымыз бұрын-соңды тарихымызда болмаған орасан өзгерістерді басымыздан өткіздік. Отаншыл, ұлтшыл сөз жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның ұйытқысы бола алды десек, соның сайыпқыран сардарлары – еліміздің журналистер қоғамы. Еркін ой мен еркін сөз Конституциямызда көрсетілген ең басты құндылықтарымыздың бірі – рух бостандығының көрсеткіші. Еркіндік – бейпілдік емес, керісінше, сөз жауапкершілігі мен жоғары мәдениеттілігі.
Қазіргі интернет пен технологияның дамыған заманында «ақпараттық соғыс» та қатарласа келіп, ұлттық құндылықтарымыздың түп-тамырына тіс батырып жатқаны белгілі. Мұндай қауіп-қатерге біз «от басы, ошақ қасы» түйткілдерінен гөрі, әсіресе жас ұрпақты ұлттық бірлік пен әлемдік дәрежеде әріптестік қатынас қалыптастыруға қабілетті білім мен біліктілікті, ұлттық ірілік пен тұтастығымызды қарсы қоя алсақ қана көздеген мақсат-мұраттарымызға қол жеткізе аламыз.
Қаламгер әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, ұлттық рухымыздың, дүниетанымымыздың әлемдік бәсекеге лайық болуы жолында аянбай еңбек ете беруге тілектестігімді білдіремін.
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
Қазақстан Республикасының
1991-1995 жылдардағы тұңғыш Баспасөз және бұқаралық
ақпарат министрі,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері